Мұғалімнің айтқанын тыңдамай, сабағында шулап отырса, күнә ма?
Мұғалімнің айтқанын тыңдамай, сабағында шулап отырса, күнә ма?
5 жыл бұрын 5391

Әссәләму әлейкум! Лекцияда апайдың айтқанын тыңдамай, яғни тыңдамай дегенде шулап т.б. емес, ұйықтап отырса күнә емес пе? Аружан.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Сабақ үстінде шулап, мұғалімге кедергі келтіру немесе сабағын елемей ұйықтап отыру Ислам этикасы тұрғысынан құпталмайтын әрекет. Мұғалімнің де ақысы бар. Оның ақысы - берген тапсырмасын орындап, айтқан сабағын тыңдау.    

Ислам мәдениетінде мұғалімнің орны ерекше. Әзіреті Әлиге тиесілі етілетін мына сөзден-ақ мұғалімге деген сый-құрметтің Исламдағы деңгейін біле беруге болады:   

من علمني حرفا صرت له عبداً اربعين عاما

«Маған бір әріп үйреткеннің қырық жыл құлы боламын». 

Әрине, бұл жерде тікелей мағынада құлы болып кетемін деген сөз емес. Бұл сөз біріншіден, білім ізденудің маңыздылығын білдірсе, екіншіден - білім үйретушінің құрметке лайық екендігін, оған сый көрсетудің маңыздылығын астарлап жеткізіп тұр.

Абдусамат Қасым