Малдың құлағын кесіп немесе таңба басып ен салуға бола ма?
Малдың құлағын кесіп, ен салуға бола ма?
|
Құран Кәрімде шайтан лағынеттің былай дегендігі келген. Ол (шайтан) адамдарды адастырып, оларға жалған армандарға жетелейтінін айта келе: «Және оларға малдардың құлақтарын кесулерін әмір етемін» дейді1. Кезінде арабтар түйенің бесінші төлі еркек туса, оның құлағын кесіп немесе құлағын жарып, ен салатын да оны пұттарға деп атап, ешкім тимейтін. Шайтанның «малдарының құлақтарын кесулерін әмір етемін» деу арқылы исламнан алдыңғы арабтардың әлгіндей ырымды шайтанның азғыруымен орындағандықтарын ұқтырып тұр. Және де аяттын жалғасында: «Осылайша, Алланың жаратқанын өзгертуге итермелеймін» дейді шайтан2.
Ендігі жерде, аталмыш аятқа жалпы түрде қарайтын болсақ, ен салу үшін болса дағы малдардың құлақтарын кесудің діни тұрғыда құптарлық іс емес екендігін ұғынуға болады. Бұлай түсінетін дін ғалымдары да бар. Имам Бәйдәуи (рахимаһуллаһ) өзінің тәпсір кітабында аталмыш аятты тәпсірлей келе былай деп өтеді:
«...Және мұнда Алла Тағаланың кемел түрде жаратқан нәрсесін қолдап кемқылу әрі Алла халал еткен нәрсені өзіне харам етудің шайтанның істерінен екендігіне ишара»3 - дейді ғалым.
Ал бірақ таңба салуға рұқсат етіледі, Пайғамбарымыз да малдарға таңба салғандығы риуаяттарда айтылған і4. Бірақ, малдың бетіне таңба басудан да қатаң тыйяды. Бұл дегеніміз, таңбаны жансыз жерлеріне басу керек деген сөз. Әйткенмен, малға таңба салу қажеттіліктен туындайтын амал, қажетсіз таңба салмаған абзал.
Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Уалхамдулилләһи раббиль алямин!
1 Құран Кәрім: «Нисә» сүресі, 119 аят
2 Құран Кәрім: «Нисә» сүресі, 119 аят.
3 Имам Бәйдәуи: «Әнуарут тәнзил». Нисә сүресінің 119 аят тәпсірі.