Лецитин қосылған өнімді тұтынуға бола ма? Мерейлім
Лецитин (Е322) қосылған азық-түліктерді тұтынуға бола ма?
|
Құрметті Мерейлім, азық-түліктердің немесе дәрі-дәрмектердің құрамында «соялық лецитин» деп жазылып тұрса, оны тұтынуға болады. Себебі, лецитиннің ондай түрі соя өсімдігінің майынан өндіріледі. «Күнбағыс лецитині» де сол секілді, адал.
Ал, құр ғана «лецитин» деп жазылып тұрған болса, күмәнді дейді мамандар. Ол хайуанның іш майынан алынған болуы мүмкін (кейде жұмыртқадан).
Әйтсе де, деректерге қарағанда коммерциялық лецитиннің басым көпшілігі соя майынан өндірілетінге ұқсайды. Әсіресе, азық-түліктерге көбіне соялық немесе күнбағыс лецитині қосылады делінген. Осыны да қаперге ұстаған жөн. Олай болған жағдайда, жоғарыда айтып өткеніміздей өсімдіктен немесе жұмыртқадан өндірілген лецитиндер адал.