Кино көрудің үкімі қандай?
Кино көрудің үкімі қандай?
6 жыл бұрын 10086

Ассаламуғалейкум!! Кино көру үкімі қандай?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! 

Жалпы кино көрудің күнәсі жоқ. Мейлі ол жергілікті кинолар болсын, мейлі шетелдік болсын, пайдалы киноларды көрудің зияны жоқ. Тек, мына талаптар ескерілуі тиіс:

1. Фильм көру намаз, ораза сияқты құлшылықтарды ойдағыдай орындауға кедергісін келтірмеуі тиіс. Егер, намазды қаза етуге алып келсе, немесе мәкруһ уақытқа шейін кешіктіру сияқты немқұрайлылық тудырып жатса, фильм көру күнә болмақ. 

2. Отбасылық міндеттемелерді атқаруға кедергі жасамауы тиіс. Жұмысына немесе оқуына зияны тимеуі ләзім.  

3. Фильмде түрлі харам және анайы-арсыз сахналарға орын берілмеген болуы ләзім.

5. Фильмде дінімізді жамандайтын, әдепсіздікке баулып, иманымызға кері әсерін тигізетін тақырыптар қозғалмаған болуы керек.  

6. Бүкіл уақытын кино көруге жұмсау - мәкрүһ. Одан гөрі, кітап оқу, нәпіл намаздар оқу, Құран аятын жаттау, спорт жаттығуларын орындап дене шынықтыру, таңдаған саласында ілгерілеу деген сияқты өз-өзін рухани әрі интеллектуалды тұрғыда дамытуға көбірек ден қойғаны абзал.  

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым