Жаңа жылдық тәттіден дәм татуға бола ма?
Жаңа жылдық тәттіден дәм татуға бола ма?
8 жыл бұрын 6564

Әссәләмуғалейкум! Балаларға берілген жаңа жылдық сыйлықтан, тәттілерінен жеңіз деп беріп жатса, оны жеуге бола ма? Сәуле.

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Жаңа жылға арнап берілген тәттіден жеудің еш ағаттығы жоқ. Тек, құрамында тыйым салынған қоспалар болмаған болуы тиіс. Әбу Бәкір ибн Әби Шәйбанның «әл-Муссаннаф» атты хадистер жинағында орын алған бір мәліметте сахаба Әбу Барза әл-Әсләмидің (р.а.) қолында мәжуси дініндегі тұрғындар болды. Олар наурыз мейрамына орай сыйлыққа ас тарту ететін. Сонда сахаба Әбу Барза өз жанұясына: «Жеміс-жідектен болғанын алыңдар. Одан өзгелерін алмаңдар», – деген екен[1].

Осы мәліметке сүйенсек, жаңа жыл мейрамы мұсылмандардың мерекесі ретінде саналмағанымен, жаңа жылға орай пісірілген (халал) астан және соған арнап берілген сый-сияпаттан дәм ауыз тиюдың күнәсі жоқ. Алайда, жоғарыда айтып өткеніміздей, тәттінің құрамында коньяк, желатин т.б. харам қоспалардың жоқтығына назар аударғаныңыз дұрыс. 


[1] Ибн Әби Шәйбә: әл-Мусаннаф. №4803 (2). 

Абдусамат Қасым