Инкубатор арқылы балапан шығаруға дін не дейді? Еті адал санала ма?
Инкубатор арқылы балапан шығаруға дін не дейді? Еті адал санала ма?
6 жыл бұрын 8436

Алла разы болсын жауап бергеніңізге рахмет! Енді менде мынандай сұрақ: Мен тауық балапандарын тауық арқылы емес, аппарат арқылы аштырып өсірсем, оның еті  харам бола ма, болмай ма? Қуаныш.

Әссәләмуалейкум! Инкубатор арқылы балапан аштыруға шариғат не дейді? Айдар

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Инкубатор арқылы балапан шығаруға шариғи тұрғыда ешқандай кедергі жоқ. Және де ондай тәсілмен пайда болған тауықтың еті адал саналады. Бастысы, тауық сойылғанда шариғатқа сай бісмілләсі айтылып, тірідей тамағынан бауыздалған болуы керек.

Абдусамат Қасым