Салеметсыз бе! Менің есімім Елизат. Мағынасын білмеймін. Мен есімімді ауыстырғым келеді. Исламда есімді тек мағынасы жаман болса ғана ауыстыруға рұқсат етілген деп естідім. Елизат деген есімді ауыстырсам бола ма?
|
"Елизат" есімінің мағынасы бар ма?
|
Сәлеметсіз бе!
Құрметті сауал қоюшы, есіміңіз мағынасыз емес, керісінше жақсы мағыналары бар. «Елизат» есімінің түп нұсқасы арабшадағы "әл-Ъиззәт" (العزة ) сөзі болып табылады. Ол қазақ тіліне жеңілдетіп "әлиззә" немесе "әлғизза", яки, сіздің есіміңіз секілді «Елизат» деп дыбысталуы мүмкін. Бірақ түп нұсқасы араб тіліндегі әл-Ъиззәт сөзі болып табылады.
Мағынасы: даңқ, абырой, мақтаныш, ұлықтық деген ұғымдарға саяды.
Сондай-ақ, қазақта "Ізет" деген адам аты бар. Ізет сөзі де негізінен алып қарағанда араб тіліндегі «Ъиззәт» сөзінің қазақша өзгертілген нұсқасы. Сіздің есіміңіз бен Ізет есімі бір сөзден шыққан. Сіздің есіміңізді - Ізет есімінің алдына "әл" жалғауы (артикль) қойылған түрі деуге болады.
Өзекті сұрақтар
■
Қаза оразаларды ұстау үшін арнайы күн керек пе, әлде кез-келген күні ұстай беруге бола ма?
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?