Ассалаумағалайкум! Шариғатта екі даулы кісінің арасын жарастыру мақсатында айтылған өтірік, өтірікке жатпайды дейді. Енді сол даулы кісілердің арасын жарастыру үшін "хадисте былай дейді"деп өтірік айтуға болады ма? Әлде оның үкімі басқа ма? Өйткені кімде кім пайғамбар(с.ғ.с) атынан өтірік айтса өзіне тозақтан орын дайындай берсін дейді. Қалай болмақ керек? Бока Мейірбек
Екі адамның арасын жарастыру үшін жалған хадис айтса бола ма?
|
Уағалейкумсалам! Бока Мейірбек қандай жағдай болмасын, біліп тұрып Құранның немесе Пайғамбарымыздың айтпаған нәрсесін айтты деу ауыр күнә. Сахаба Абдулла ибн Аббастың риуаяты бойынша ардақты Пайғамбарымыз былай деген: «Мен айтпаған нәрсені айтты деуден сақтаныңдар. Бірақ нақты (хадис екенін) біліп тұрсаңдар ол басқа. Кімде-кім әдейі мен айтпаған нәрсені айтты десе, дозақтағы орнына дайындала берсін. Сондай-ақ, кімде-кім білмесе де Құран атынан өтірік айтса, ол да дозақтағы орнына дайындала берсін»[1], - деп қатан ескерту жасаған.
Сондықтан, екі адамның арасын жарастыру мақсатында да жалған хадис айтуға жол жоқ.
[1] Ахмед ибн Ханбәл – Мүснәду бәни Хашим: Абдуллу ибн Аббас - №2967 хадис.; Әбу Дәуід-3651;
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар
■
Іштегі жаман ойлар жазыла ма?
■
Қасқырдың терісін неге іледі? Үйге аңның терісін ілуге бола ма?
■
Хатым Құранды соңына дейін қалай аяқтауға болады, екі-үш парадан кейін тастап қойып жатырмын?
■
Имам намазда рукуға барғанда кешігіп келген адам үлгерсін деген мақсатта рүкуғды созуына бола ма?
■
Жаңа жыл қарсаңындағы жеңілдіктерді (скидка) пайдалануға бола ма?