Дінде жылқы малын піштірсе бола ма?
Дінде жылқы малын піштірсе бола ма?
5 сағат бұрын 103

Ассаләмуғалейкум! Қой, ешкілерді піштіріп жатамыз, осы жылқыны піштірудің діндегі тыйым бар ма? Қабыл.

Уағалейкумуссәләм!

Жылқы малын піштіру мәселесінде, ескілікті Ханафи ғалымдары екі түрлі пікір білдірген. Ғалымдарымыздың бірсыпырасы қажеттілік тудырып жатса, өзге малдар секілді жылқыны да піштіруге болады десе, кей ғалымдар жылқы малын піштіруді харамға балаған1. Харам деуші ғалымдарымыздың бұл тоқтамдарын «жылқының тұқымын азайтпау» деп түсінсек қателеспеспіз, себебі жылқы малы ол замандарда ең басты мініс құралы болып есептелген, сол себепті оны тарттыру арқылы тұқымын кеміту қауіпті. Не болмаса, жылқы малын тарттырудың харам деуінің мәнін жылқы малының тектілігімен байланыстыруға болады. Жылқы малы - текті мал саналады, оны тарттыру арқылы қорлауды құп көрмесе керек. Қорыта айтқанда, егер, жылқы малын тарттыру ісінде қажеттілік бар болса, тарттырудың күнәсі болмас, қажеттілік болмаса ондай іске жүгінбеген абзалырақ. Аллаһу аъләм!


1«әл-Фәтәуә әл-Һиндия», Мәкруһ нәрселер бабы.

Абдусамат Қасым