Бейсенбі мен Жұма күні тырнақ алса, бәле-жала жоламайды әрі бай болады деген рас па?
Бейсенбі мен Жұма күні тырнақ алса, бәле-жала жоламайды әрі бай болады деген рас па?
7 жыл бұрын 23845

Бейсенбі мен Жұма күні тырнақ алса, бәле-жала жоламайды әрі бай болады деген рас па?  

Әссәләмуғалейкум! Бір жерден оқыдым. Бейсенбі күні кешке тырнақ алса, бай болады деген хадис бар екен. Сол қаншалықты рас? Одан кейін, Жұма күні тырнақ алса, ендігі жұмаға дейін бәле-жаладан амал болады деген де хадис бар ұқсайды... Бауыржан.

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Әлсіз бір хадисте: «Кім пақырлықтан, зағиптықтан, алапестік пен жынданудан аман қалғысы келсе, бейсенбі күні асырдан соң тырнағын алсын. Аларда сол қолының кішкене саусағынан бастасын», - делінген.

Басқа бір әлсіз хадисте, сахаба Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.а.у.) жұма күні намазға шықпай тұрып тырнағын алатын және мұртын қысқартатын», - деген екен. (әл-Бәйһақи).

Әзіреті Әлиден де мына бір әлсіз дерек риуаят етіледі: «Тырнақ алу және қолтық пен ұятты жердің маңайын (түгін) тазалау – бейсенбі күні атқарылады. Ал жұма күні жуынып-шайынып, иіссу себініп, әдемі киімдерін киеді» (Табарани)[1].  

Басқа бір әлсіз хадисте: "Кім жұма күні тырнағын алса, келесі жұмаға дейін жамандықтан аман болады", - делінеді[2].

Деректерге қарағанда, аталмыш хадистерге хадис ғалымдары «тым әлсіз» деген баға берген. Тіпті «жалған хадис» деушілер де кездеседі.

Қалай болғанда да, жұма күні намазға шығарда тырнақ алып, жуынып-шайынып, үсті-басын ретке келтіру мұстахаб амал екендігі рас.


[1] Имам Зарқани: Шарху Зарқани. Муаттаға жазған шархы. 3 бап. (1659) 1709. Хадис түсіндірмесі.
[2] Табарани. 

Абдусамат Қасым