Ассалаумағалейкум! Бейсенбі және Жұма күні шаш алуға бола ма?
Сәлеметсіздер ме! Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды дегенді естідім, ондай ырым бар ма?
|
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
|
Уағалейкумуссәләм!
Құрметті сауал жолдаушы!
Мәліметтерге қарағанда, аптаның белгілі күндері, яғни, сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шаш алуға болмайды деп сенетіндер – индуизм дінінің өкілдері. Өйткені, аталмыш күндері денеден бір нәрсені алып тастау сәтсіздікке алып келуі мүмкін екен, тіпті өмірдің де қысқаруына алып келуі ықтимал деседі. Оның үстіне бұл күн Лакшми құдайының күні екен, бұл күндері шаш алу оған көрсеткен құрметсіздік саналмақ1.
Шариғи тұрғыда мұндай ырымның негізі жоқ. Аптаның кез келген күнінде және кез-келген ыңғайлы сәтінде шашты алуға болады. Оның ешқандай күнә тұсы жоқ. Ал белгілі күндері шаш алу сәтсіздікке т.б. оғаш жағдайларға себеп болады деп сену – дінге қайшы, соқырсенімдік болып саналады.
Ең дұрысы – Аллаға мәлім! Әлхамадулилләһи Раббиль аләмин!
1https://www rudraksha-ratna com/articles/why-to-avoid-cutting-hair-on-tuesday