Бақаны өлтіру күнә ма?
Бақаны өлтіру күнә ма?
6 жыл бұрын 8164

Бақаны өлтіру күнә бола ма? "Бақаны өлтірсе қарғайды" деген рас па? Арман

Бақаны өлтіру күнә. Пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейһиссәләм бақаны өлтіруден тыйған етін. Бұған қатысты сахаба Абдуррахман ибн Усманнан (р.анһ) жеткен хадисте былай делінеді:

  أَنَّ طَبِيباً سَأَلَ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَنْ ضِفْدَعٍ يَجْعَلُهَا فِي دَوَاءٍ، فَنَهَاهُ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَنْ قَتْلِهَا

«Бір дәрігер Пайғамбардан бақадан дәрі жасауға болама деп, сұрады. Сонда Пайғамбарымыз оған бақаны өлтіруге тыйым салды»[1].  

Басқа бір хадисте Сәһл ибн Сағд әс-Сәғиди былай дейді:

عن سهل بن سعد الساعدي : أن النبي صلى الله عليه وسلم نهى عن قتل خمسة النملة والنحلة والضفدع والصرد والهدهد

«Алла елшісі бес нәрсені өлтіруден тыйды. Олар: құмырсқа, ара, бақа, тағанақ және бәйбісек (удод)»[2].  

Ал, бақаны өлтірмеудің мәнін оның зиянсыз екендігімен байланыстыруға болады. Бұнымен қоса, бір деректе бақаның бақылдауы Аллаға айтқан зікірі екендігі айтылады. Имам Байһақидің кітабында сахаба Абдулла ибн Амрдан мынадай «мауқуф» бір риуят келтірген:

 لا تقتلوا الضفادع فإن نقيقها تسبيح"، قال البيهقي: إسناده صحيح

 «Бақалардың өлтірмеңдер. Шынында, оның бақылдауы – Аллаға айтқан тәспихы»[3].

Қорытындылай келе, бақаны өлтіруге және оның етін жеуге болмайды. Ал, оның қарғайтындығына қатысты риуаят кездеспеген.

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!  


[1] Әбу Дәуід: Сүнән - №5269 хадис.
[2] Әл-Байһәқи: Сүнән.
[3] Мәуқуф хадис: Сахабаға тән әрбір сөз, іс-әрекет және әлдебір нәрсені үнсіз құптауы. «Мауқуф» деп аталуының себебі, риуаятты жеткізушілер тізбегі (иснәд) Пайғамбарға дейін жалғаспайды, сахабада тоқтайды.  Мысалы, «Әзіреті Әли былай деді» немесе «Әзіреті Осман былай жасады» т.б. деген сияқты.

Абдусамат Қасым