Балықты тоқпен аулаудың үкімі қалай?
Балықты тоқпен аулаудың үкімі қалай?
5 ай бұрын 1591

Балықты тоқпен аулап жесе болады ма? Балық сойғанда бисмилла айту керек пе? Азамат.

Бисмилләһир рахманир рахим

Балықты тоқпен аулау су тіршіліктеріне орасаң зор зардабын тигізетіндіктен, елімізде заңмен тыйым салынған. Ислам дініндегі «қоршаған ортаны қорғау», «табиғатқа зиян тигізбеу» қағидаттарына сай, балықты тоқпен аулаудың зардабы болғандықтан діни тұрғыда да құпталмайды деуге болады. Сондықтан да, тоқпен аулаудан сақтанған жөн. Енді тоқпен ауланған балықты жеуге бола ма? - деген сауалға жауап айтсақ: өздігінен емес, сыртқы себептің салдарынан өліп отырғандықтан ондай балықты жеуге болады, арам өлген болып саналмайды (аурып өлген балықты жеуге болмайды). Алайда, жоғарыда айтып өткеніміздей, су хайуандарына залалды болғандықтан әрі заңға қайшы келетіндіктен, тоқпен аулау әдісіне жүгінбеген дұрыс.

Балықты сойғанда «бисмиллә» айту шарт па? Балық бауыздалмай желіне беретіндіктен, оны сойып, тазаларда «бисмиллә» айту шарт емес.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

Абдусамат Қасым