Ассаламуғалейкум! Ауылда мал бауыздаған қанға, апайлар ішек-қарын салып жуып жатады иісін кетіреді. Сол дұрыс нәрсе ме? Али.
Ауылда ішек-қарынды қанға жуады. Діни тұрғыда қаншалықты дұрыс?
|
Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Алдымен айта кету керек: малдың бауыздағандағы қаны нәжіс болып есептеледі. Құран Кәрімде аққан қанды "нәжіс" деп айтқан1. Сол себепті, қанды жеуге немесе қанды тамаққа қосуға болмайды. Ал енді ішек-қарынды қанға жууды да дұрыс көрмейміз. Неге десеңіз, қанға жуу деген, нәжіске жуғанмен пара-пар. Нәжіске ешкім асты жумасы анық. Ендеше, бұл да сол секілді. Алайда, қанға жуған күннің өзінде ішек-қарынды артынша ыстық суға жақсылап жуып жіберу шарт. Келесіде олай істемеген жөн және ондай практика еліміздің көп өңірінде кездеспеген.
1قُل لَّا أَجِدُ فِي مَا أُوحِيَ إِلَيَّ مُحَرَّمًا عَلَىٰ طَاعِمٍ يَطْعَمُهُ إِلَّا أَن يَكُونَ مَيْتَةً أَوْ دَمًا مَّسْفُوحًا أَوْ لَحْمَ خِنزِيرٍ فَإِنَّهُ رِجْسٌ أَوْ فِسْقًا أُهِلَّ لِغَيْرِ اللَّهِ بِهِ ۚ فَمَنِ اضْطُرَّ غَيْرَ بَاغٍ وَلَا عَادٍ فَإِنَّ رَبَّكَ غَفُورٌ رَّحِيمٌ (145) Құран Кәрім: «Әнғам», 145 аят.