Атжалман (хомяк) асырауға бола ма?
Атжалман (хомяк) асырауға бола ма?
5 жыл бұрын 9253

Ассаламуғалейкум! Үйде хомяк (атжалман) асырауға бола ма? Алла разы болсын!

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Зиянды және әдетте адам баласы сүйкімсіз санайтын жәндіктерді үйде асырауға болмайды. Мысалы, жылан, сарышаян (скорпион), қарақұрт, тышқан т.б.

Атжалманды да тышқанның бір түрі десек, Пайғамбарымыз (с.а.у.) тышқан атаулыны «фәуәсиқ» (залал келтіруші кішкентай жәндік) деп атап, өлтіруді рұқсат еткен[1]. Егер, тышқанды асырап-бағу рұқсат етілгенде, Алла елшісі оны өлтіруді бұйырмас еді. Сол себепті, атжалманды да үйде асырау діни тұрғыда құпталмайды деуге негіз бар. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!


[1] Имам Бұхари: «Сахих Бұхари». №1828 хадис: Хафса анамыздан жеткен  риуятта Алла елшісі былай деген: «Жәндіктерден өлтірілуі күнә еместер (мыналар): қарға, тышқан, шаян (скорпион) және қабаған ит».

 

 

Абдусамат Қасым