Әссаламуғалейкүм! Осы нандарда кездесетін ашытқыларды (дрожжи) қолдануға бола ма? Халал ма жеу сол нанды? Мәселе сол ашытқылардан брожение кезінде спирт пайда болады. Оған не дейсіздер?
Ашытқы («дрожжи») қосылған нанды жеуге бола ма?
|
Әлхамдулилләһ. Уәссаләту уәссәләму аля Расулилләһ!
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ашытқылар (дрожжи) қанттың қалдықтарынан өндірілетін сірнеден (меласса) жасалады. Оның құрамында ашу кезінде өздігінен пайда болатын болар-болмас табиғи этанол спиртінің діни тұрғыда кедергісі жоқ. Белгілі алкоголь мөлшері ашыған айранда да болады, сондықтан да білетіндер көлік жүргізушілерге жолға шығар кезде айран ішпеуді кеңес етеді, өйткені алкотестер құралы сіздің ішімдік ішкеніңізді көрсетуі мүмкін. Және де белгілі алкоголь мөлшері алмада да, жүзімде, нанда да болатындығы анықталған. Сондықтан да, ашығаннан құрамында алкоголь пайда болған әр азық түрі харам бола бермейді. Ендеше, «дрожж» деп атап жүрген ашытқыларды қолданудың діни тұрғыда ағаттығы жоқ деуге негіз бар және ашытқы қосылған нанды жеуге болады, оның үстіне нанды пісіру кезінде спирттің ұшып кететіндігі де белгілі.
Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!