Арам өлген малдың етін итке, тауыққа беруге бола ма?
|
Арам өлген малдың етін итке беруге бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм!
Арам өлген малдың еті нәжіс болып есептеледі. Құран Кәрімде өлексені қандай жағдайда да пайдалануды харам қылған. Сол себепті де, Ханафи ғалымдары өлексенің етін итке, жыртқыш құсқа беруге болмайды деген. Бұған қатысты «Фәтәуә әл-Һиндия» атты кітапта былай делінген:
«Біздің жолдастар айтқан: «Өлексені қай жөннен болса да пайдалануға болмайды, тіпті итке де, жыртқыш хайуандарға да жегізуге болмайды»1.
1«әл-Фәтәуәл Һиндия»; Имам Зәйләъи: «Тәбинуль Хақаиқ».
Өзекті сұрақтар
■
"Шәууәл" оразасы жайында жиі қойылатын сұрақтар
■
Араб ұлтына қанша пайғамбар келген?
■
Көзге «блефаропластика» жасату дінге қайшы ма?
■
«Ораза ұстаушының ұйқысы құлшылық болып саналады» деген хадис бар ма?
■
Рамазанда жарысқа баратын едім. Қандай жеңілдігі бар? Сол күні оразаға ниет етпесем бола ма?