Әссәләмуғалейкум! Қазір АҚШ елінде стажировка өтіп жатыр едім. Көршілерім американды. Ыдыс-аяқ ортақ. Кейде халал емес тағамдар істейді. Жақсылап жуып-шайсам, сол ыдысты қолдансам бола ма? Рахмет көп-көп! Алла разы болсын! Жақсат. (сұрақ ықшамдалып алынды).
Американдық көршілерімнің ыдыс-аяғын жуып қолдансам бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Сахих риуаяттарда Әбу Сағләба әл-Хашини есімді сахаба ардақты Пайғамбарымыздан (с.а.у.): «Уа Алланың Елшісі! Біз «Кітап иелерімен[1]» көршілеспіз. Олар қазандарына шошқаның етін пісіріп, ыдыстарына шарап құйып ішеді?!», – деп сұрады. Сонда ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Егер басқа ыдыс-аяқ тауып жатсаңдар, содан ішіңдер. Ал табылмай жатса, олардың ыдыстарын жуып жіберіңдер де, содан ішіп-жей беріңдер»[2], – деп жауап береді.
Сондықтан да, олар қолданған ыдыс-аяқты жуып, қолдана беруге болады.
[1] Бұл жерде Християндарды айтып тұр
[2] Әбу Дауад: Сунен - "Баб әл Әклу фи анияти әһлиль китәб". №3839.