Ассаляму алейкум! Әйел адамның түскен шашын не істеу керек? Ырым тиымдарда жерге апарып көму керек дейді, а кейбір әйелдер өлгенше жинайды қасыма бірге көмеді деп, сол шашты үйде жинаған қаншалықты дұрыс?
|
Әйел адамның шашын «бірге көмсін» деп, өмір бойы жинауы қаншалықты дұрыс?
|
Уағалейкумуссәләм!
Құрметті сауал жолдаушы!
Дін Исламда шашты мүмкін болса, жерге көміп тастаған абзал саналады, бірақ міндетті іс емес. Әсіресе, ауылды жерлерде бір-екі қарыс қазып жерге көме салу қиынға соқпас. Ал қалалы жерлерде жерге көму әр кез мүмкін бола бермейді. Соның үшін де дінімізде жерге көму ұнамды, бірақ міндеттелмеген. Шашты қоқысқа тастауға немесе ошаққа салып өртеп тастауға да болады.
Ал, «қайтыс болғанда бірге көмсін» деп шашты өмір бойы жинаудың дінімізде негізі жоқ.
Көп оқылғандар