Түнде үй тазалау кедейлікті тудырады деген рас па?
Түнде үй тазалау кедейлікті тудырады деген рас па?
21 күн бұрын 1119 фото: podrobnosti.ua

Сәлеметсіздер ме! Түнде үй тазалау, сыпыру, сүрту кедейлікті тудырады деген нанымның негізі бар ма? Әсия.

Бисмилләһир рахманир рахим

Құрметті сауал жолдаушы!

Түнде үй тазалауға болмайды деген нанымның түп төркіні көне славян сенімдерінен бастау алады. Оларда: түнде үйін сыпырған адам байлығын сыпырып, ал сүрткен кісі дәулетін сүртіп тастайды деген түсінік болған. Мұндай сенім үнді, араб және басқа да халықтардың кейбір нанымдарында да кездеседі. 

Алайда, мұның дін Исламда ешбір негізі жоқ. Исламда «тазалық – иманның жартысы» деп есептеледі. Тазалықты кез келген ыңғайлы уақытта орындауға болады: мейлі түнде болсын, мейлі күндіз болсын – айырмасы жоқ. Ал «бақ пен дәулетті кетіреді» деген сөз дәлелсіз.

Кедейлікке әдетте себеп болатын істер: зина, кедейді қор көру, ысырап жасау, ризықтың қадірін білмеу (шүкір етпеу), жатып ішерлік, бекер мал шашпақ сияқты жаман әдеттер.

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым