Түнде далаға кір жаймау керек деген ырым рас па?
Түнде далаға кір жаймау керек деген ырым рас па?
5 ай бұрын 8426

Сәлеметсіздер ме! Ұстаздарға сұрағым бар еді. Бала күннен естіп келе жатқан нәрсе ол,түнде жуылған киімді далаға жаймау, бала киімін түнге қалдырмау деген секілді ырымдар. Қазірдің өзінде ылғал болып тұрған киімдер далада жайылып тұрса, енем жинап әкеліп жүреді, кеппеген болсада, күн батқан соң қалдыруға болмайды деп айтады. Бұл жөнінде дініміз не дейді? Сұрағым жауапсыз қалмаса жақсы болар еді. Көп рақмет!

Сәлеметсіз бе!

Құрметті сауал жолдаушы, түнде кір жаюға болмайды деген наным көбіне ескі славян халықтарында таралған. Олардың сенімі бойынша күн батысымен түрлі пәлекеттер жер бетіне жайылып, адамға зиян тигізуді көздейді, сондықтан да, қара күштер (темные силы) сыртта ілулі киімдерге жабысып, киген адамның денсаулығын алып қоюы мүмкін деседі, ал далада ілулі көрпе тыстары арқылы түнде адамдардың түсіне кіреді, соның салдарынан адам ұйқысыздыққа шалдығады-мыс.

Төл дінімізде мұндай ырымның негізі жоқ. Мұсылман дінінде күн батар сәтте балаларды далаға шығармауды кеңес ететіні рас, өйткені жын-шайтан күн батар сәтте жер бетіне жайылады, алайда қараңғы түскеннен соң қайта балаларды далаға шығара беруге болатынын да айтады, ендеше түнде кір жаюдың да зиян жоқ. Діни әдебиеттерде «түнде кір жайылмасын» деген мәлімет кездеспеген. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым