Құран кітаптың бетін ашық қалдыруға бола ма?
Құран кітаптың бетін ашық қалдыруға бола ма?
5 жыл бұрын 9200

Ассалямуалейкум! Құран кітабын ашық қалдырудың үкімі қандай? Дияс.  

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құран кітаптың бетін ашық қалдырмау жайында дінімізде арнайы тыйым жоқ. Күнә емес.

Бірақ, ертеректегі кей ғалымдар Құранның беті былғанбасын деген мақсатта «Құранды оқып болғаннан кейін, жауып қою керек» деп өсиет қалдырған. Өйткені, Құранның беті ашық қалса, сырттан шаң-тозаң немесе тамақ қалдықтары сияқты нәрселер түсіп, Құран парақтарын былғауы мүмкін. Ал Құранды таза ұстау – Құранға деген құрметтің нышаны. Сол себепті, Құранды оқымайтын кезде бетін ашық күйінше қалдырмай, жапқан жақсы делінген. Одан бөлек, «Құран ашық тұрса шайтан оқып кетеді» деген сияқты нанымдардың негізі жоқ. 

Абдусамат Қасым