Қайтқан адамға Құран бағыштағанда өз әкесінің атымен атау керек пе, әлде асыраған адамның есімімен атау керек пе?
Қайтқан адамға Құран бағыштағанда өз әкесінің атымен атау керек пе, әлде асыраған адамның есімімен атау керек пе?
4 ай бұрын 1949

Ассаламуғалейкум! Қайтқан адамның артынан дұға жасаған кезде, өзінің қан әкесінің атымен айтылып дұға жасалу қажет пе немесе екінші құжаттағы әкесінің атымен аталып жасалына ма? Аталарымыз бір туған.

 

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Мархұм өзінің туған әкесінің атымен аталады немесе атасының атымен аталады. Туған әкесінің атымен аталу керек дегенге қатысты дәлел ретінде Пайғамбарымыздың (с.а.у.) асыранды ұлы Зәйд ибн Харисаны алсақ болады. Йемендік Зәйд ибн Хариса (с.а.у.) жастайынан пайғамбарымыздың қамқорында өссе де, Ол (с.а.у.) «Харисаның ұлы» деп оны өз әкесімен атаған. Ал ата тегімен атаса да болады деуіміздің себебі, Мұхаммед пайғамбарымызды (с.а.у.) кей кезде адамдар «Уа, Абдулмутталибтың ұлы!...» деп, кішкене күнінен асыраған атасының атымен атайтын еді, пайғамбарымыз оған қарсы болмайтын. ("Сахих Бұхари"). Сондықтан да, мархұмға құран бағыштаған кезде «пәленше ұлы» деп өз әкесінің атымен немесе атасының атымен атаған жөн.

Ең дұрысы Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым