Пейіште төсек қатынасы бола ма?
Пейіште төсек қатынасы бола ма?
4 жыл бұрын 31063

Ассәләму алейкум! Пейіште жыныстық өмір бола ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, пейіште жыныстық қатынастың орын алатындығы жөнінде Алла елшісінің (с.а.у.) хадистерінде нақты айтылған. Мәселен, сахаба Әбу Һурайра мен Абдулла ибн Аббастан жеткен бір риуаятта былай делінеді:

«(Бір күні Алла елшісіне) Уа, Расулалла! Біз әйелдермен осы дүниеде жақындасқанымыз секілді, пейіште де әйелдерімізбен жақындасамыз ба?» - делінеді. Сонда Алла елшісі: «Мұхаммедтің жаны қолында болғанмен ант етейін! (Ол жерде) ер адам бір күнде жүз пәк әйелге дейін жақындаса алатын болады», - деп жауап береді[1]. 

Басқа бір риуаятта пейіштегі ер адамның еркектік қуаты жүз есеге артатындығы айтылады. Аталмыш хадистегі «күніне жүз әйелге дейін...» дегендегі мәні сол.

Алла Тағала баршамызды пейіш иелерінен еткей!


[1] Имам Суюти; Имам Табарани т.б. хадисшілер риуаят еткен. Сахих.

Абдусамат Қасым