Пайғамбарымыз (с.а.у.) неге үйінде жерленген?
Пайғамбарымыз (с.а.у.) неге үйінде жерленген?
2 жыл бұрын 9044

Пайғамбарымыз (с.а.у.) неге үйінде жерленген?

Бисмилләһир рахманир рахим

Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед саллаллаһу алейһи уә сәлләм дүйсенбі күні, «Рабиуль әууәл» айының он екісінде, хижреттің он бірінші жылы, 63 жасында бақилық болды (Миләди 633 жыл). Жерленген жері Медине қаласы. Қабірі Айша анамыздың үйінде орналасқан. Үйіне жерленуінің себебі, пайғамбардың көзі тірісінде айтқан хадис-шәрифінде жатыр. Айша анамыз (р.а.) бұл жағдайды былай әңгімелейді:

«Алла елшісі жан тәсілім еткеннен соң, сахабалар Оның денесін қайда қою жайында әртүрлі пікір білдірді. Сонда Әбу Бәкір (р.а.) оларға: «Алла елшісінен (с.а.у.) мына бір сөзді естіген едім: «Алла Тағала пайғамбардың жанын тек жерленуін Өзі (яғни, Алла) жақсы көрген жерде ғана алады» деді" - дейді. Осыдан кейін, сахабалар пайғамбарды өзінің төсегі тұрған орынға жерледі»1.

Демек, Алла елшісінің (с.а.у.) өз үйінде жерленуінің басты себебі - хадисте айтылған бұйрықта жатыр екен. Пайғамбардың сөзін екі етпейтін азиз сахабалар, бұл сөзін де жерге тастамай, ести сала, Оның (с.а.у.) пәк денесін өзі жатқан төсегінің орнына шариғат заңына сай жерлейді.

Ал енді үйіне жерленуінің астарындағы мәнін нақты айту қиын. Оның мәні ашық айтылмаған. Оның мәні бір Алла ғана аян. Біз тек болжай аламыз. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин.


1  Ибн Шәйбә. Сахих.

Абдусамат Қасым