Намазды матрасқа оқуға бола ма?
Намазды матрасқа оқуға бола ма?
2 ай бұрын 1893

Намазды көрпе, сүлгі, матрасқа оқуға бола ма?

Әлхамдулилләһ. Уассәләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Намазды матрасқа оқуға болады егер:

  1. Біріншіден - матрас таза болса;
  2. Екіншіден - маңдайды қойғанда бет батып кететіндей мамық болмаса. Ал егер матрасқа сәжде жасағанда маңдай тірелмей, батып кетсе, ол сәжде саналмайды, сәйкесінше намаз да дұрыс емес деген сөз.

Мәселен, суға сәжде жасау немесе қалың мамық қарға сәжде жасау - саналмайды, себебі суға сәжде жасаған кісінің маңдайы еш жерге тірелмей, батып кетеді. Сол сияқты қалың мамық қарға сәжде жасаған кісінің де маңдайы қарға батып, тірелмейді. Сол себепті намаз дұрыс емес. Ал бірақ мұзға немесе нығыздалған қарға оқуға болады, себебі сәжде жасаған жағдайда бет батпай, қатты нәрсеге тіреледі. Матрасты да осыған салыстыра топшылаған жөн.

Сүлгіні жайып оқуға болады, бастысы сүлгі нәжістен таза болмағы ләзім, көрпе де солай.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

Абдусамат Қасым