Шетінеген сәбиден қабірде сұрақ сұрала ма?
|
Мүнкәр, Нәкір періштелері шетінеген сәбиден қабірде сұрақ сұрай ма?
|
Сұрақ сұраушы періштелер шетінеген сәбиден де қабірде сұрақ сұрайды делінген кітаптарда. Алайда, сұрақ сұралған заматта басы-қасындағы бір періште сәбиге қалай жауап беру керектігін үйретіп отырады екен. Мәселен, «Раббың кім?» деп сұралған кезде, басы-қасындағы періште сәбиге: «Раббым - Алла» деп айт дейді. Дінің не? деп сұралғанда, періште оған: «Дінім – Ислам» деп айт дейді. «Пайғамбарым кім?» деп сұралған кезде, періште сәбиге: «Пайғамбарым – Мұхаммед саллаллаһу алейһи уә сәлләм» деп айт деп осылай нұсқау беріп отырады[1].
[1] Мулла Хусрау: «Дүраруль Хуккам».
Өзекті сұрақтар
■
Физиогномиканың Исламдағы үкімі қандай?
■
Әйелім баптист дінінде екен. Некеміз не болады?
■
Сәжде аятын қазақша мағынасынан оқыса да сәжде жасау керек пе?
■
Біреудің сәлемін алғанда, естірмей жауап берсе бола ма, әлде естіру керек пе?
■
«Шот-фактураға» артығымен көрсетіп, артығын өзім алсам бола ма?»