Ақылы кеміс кісілер о дүниелік болғанда пейішке бара ма?
Ақылы кеміс кісілер о дүниелік болғанда пейішке бара ма?
2 жыл бұрын 4792

Сұрағым бар еді: балалар мен ақылы кем адамдарға намаз парыз емес. Егер Исламның бес парызы да парыз емес болса, олар сол күйінде өмірден өткен жағдайда, ақыретте қайда барады? Ол жайында риуаяттар бар ма? Фатима.

Бисмилләһир рахманир рахим

Құрметті оқырман, жастайынан шетінеген балалар пейіште болады, оған қатысты мынадай бір риуаят келген:

«Мүмін-мұсылмандардың балаларының рухтары пейіштегі бір тауда болады. Оларды Ибраһим пайғамбар мен жұбайы Сара, қиямет күнінде әкелеріне қайтарылғанға дейін қарайды».1

Бұған байланысты толығырақ: «Шетінеген сәбилер пейіште қанша жаста болады?» деген жазбамызды оқи аласыз.

Ал ақыл-есі кеміс кісілердің сол күйінше бақилық болған жағдайда, ақыреттік жағдайы не болмақ, дегенге дін ғалымдары былай дейді:

«Алла Тағала Құранда: «Біз ешкімді пайғамбар жібермей азаптаушы емеспіз!» - деген. (Исра-51). Демек ақыл-есі жетілген адамның өзін «Ислам дағуаты» жетпей азаптамайтын болса, ақылы жоқ адамды мүлдем азаптамайды деген сөз»2,3.

Ендеше, ақыл-есі кеміс жандар бақилық болғаннан кейін сұраққа алынбайды және барар жерлері пейіш болады.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин! 


1  Имам Ахмед: «Мүснәд»; әл-Бәйһақи: «әл-Бәъс»; әл-Хәким: «әл-Мүстәдрак».
2  Бәдруддин әл-Айни: «әл-Ъумдатуль Қари»; Хашиятут-Тахтауи.
3  Бірен-саран мәзхаб ғалымдары арасында ақыл-есі дұрыс емес, жынды адамның да о дүниеде сұраққа алынатындығын айтқандар бар.

Абдусамат Қасым