Айтыс өнеріне шариғат рұқсат ете ме?
Айтыс өнеріне шариғат рұқсат ете ме?
8 жыл бұрын 9632

Әссәләмуғалейкум уә рахматуллаһ! Қоятын сауалым мынадай: айтыс сайыстарын көру немесе айтысқа қатысу жалпы дұрыс па? Тілден күнә болмай ма? Қайткенмен де, аты «айтыс» қой! Ментай.

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһ!

Пайғамбарымыздың (с.а.у) суырып салма ақын сахабалары бар еді. Атап айтсақ, Хассан ибн Сәбит (р.а.), Кәъб ибн Мәлик (р.а.), Абдулла ибн Рауаха (р.а.). Бұлар кәпір шайырларға қарсы Исламды қорғаштап, олардың дінге және Пайғамбарға тіл тигізіп жазған өлеңдеріне өлеңмен жауап беріп отырған. Тіпті, Хассан ибн Сәбит әлдебір кәпір ақын өлең айтысына түскендігі деректерде айтылады. Бұл да айтыстың бір түрі.

Мұнымен қатар, басқа бір деректе Әзіреті Муғауия (р.а.) сахабалардың көзінше өлең жарысын ұйымдастырып, ол жарысқа өзімен қоса, кейбір сахабалар да қатысқандығы айтылады[1].  

Сондықтан да, ұрыс-керіссіз, балағат сөздерді араластырмай, қарсыласының арын таптау сияқты оғаш қылықтар орын алмайтын болса, суырып салма айтыс өнеріне дінде қарсылық жоқ. Және оны тамашалауға болады. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! 


[1] Әл-Бидая уән Ниһая. 

Абдусамат Қасым