Адамның жүзін салмай, тек тұлғасын салса күнә ма?
Адамның жүзін салмай, тек тұлғасын салса күнә ма?
5 ай бұрын 1154

Адамның жүзін салмай, тек тұлғасын салса күнә ма?

Бисмилләһир рахманир рахим

Жанды заттардың бет-жүзін салмай тек тұлғасын салуға болады. Себебі, көзі мен мұрны және аузы болмағаннан кейін оны толыққанды "бейне" деп айтуға келмейді дейді мамандар.

Жалпы айтқанда, Исламдағы жанды заттың суретін салуға қатысты бүгінде дін ғалымдары екі топқа бөлінген. Бір сыпырасы жанды заттың суретін салуға үзілді-кесілді қарсы, жанды заттың суретін салу ауыр күнә деп есептейді, тек бет-жүзі салынбаса, көзі салынбаса оған рұқсат.

Екінші, топтағы ғалымдар кейбір шарт-талаптардың аясында сурет салуды мубах санайды, бастысы:

  • Суретшінің ниеті «Алламен тайталасу» болмауы керек.
  • Дінде қасиетті адамдардың суреті салынбау керек, мысалы, пайғамбарлар, алдыңғы қатарлы сахабалар т.б.
  • Шариғатқа қайшы дүниелердің суреті салынбау керек.

Осыған қосымша, кейбір дін ғалымдары: «көлеңкесі жоқ", яғни, мүсін емес, тегіс нәрсеге жай сурет салуды және "ұзақ сақталмайтын материалдармен" мүсін жасауды - харам емес, жеңіл мәкруһ деп есептейді, бірақ олардың пікірінше, ұзақ сақталатын материалдардан мүсін жасау харам.

Абдусамат Қасым