Вагиналды бөлінулердің қайсысы дәретті бұзады? (әйелдерге қатысты)
Вагиналды бөлінулердің қайсысы дәретті бұзады? (әйелдерге қатысты)
8 ай бұрын 2077

Ассаляму Алейкум! Қынаптан шыққан выделение таза екенін қалай біле аламыз? Гинекологический аурудың,сырқаттықтың әсерінен шығатын болса онда ол выделение таза болып саналмай ма? Осы сұраққа жауап өте қатты мазалап жатыр...

 

Бисмилләһир рахманир рахим

Мәліметтерге қарағанда, қынаптан бөлінетін сұйықтықтарды екіге бөліп қарайды:

  1. Табиғи сұйықтық.
  2. Қабынудың салдарынан бөлінген сұйқтық. 

Біріншісі, яғни, қынаптан табиғи түрде бөлінетін сұйықтық шариғат қағидаты бойынша таза саналады әрі қазіргі көпшілік ғалымдардың байламына қарағанда ондай бөліну дәретті бұзбайды. Табиғи бөлінулер - иіссіз, ақ түстес, сұйық әрі тұнық болады. (Ол жайында толығырақ 631 нөмерді басып, жазбамызды оқи аласыздар).

Екіншісі, қабынудан (воспаление) бөлінетін сұйықтықтар, гинекологиялық аурулардың салдарынан немесе инфекцияның кесірінен пайда болады. Қабынудан бөлінетін сұйықтықтар ірің, сарысу секілді қаралады және дәретті бұзады, нәжіс болып есептеледі. Мұндай сұйықтықтар - әдеттегіден көп мөлшерде бөлінеді, қоюлау болып келеді, түсті болады (сұрлау, сарылау, жасылдау) және жағымсыз иісі болады, сондай-ақ, қышу, күю сияқты жағымсыз әсері де байқалады. Қабынудан бөлінетін сұйықтықтар дәретті бұзады әрі нәжіс болып саналады. Гинеколог дәрігерге қаралып, емдомын жасауға тырысқаны дұрыс. 

Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин! 

Абдусамат Қасым