Қызды таэквондо спортына беруге бола ма? Шариғат бұған не дейді?
Қызды таэквондо спортына беруге бола ма? Шариғат бұған не дейді?
2 жыл бұрын 3031

Қыз баланы спортқа, яғни, таэквандоға берсе бола ма? Ислам, шариғат не дейді?

Қыз баласын "таэквондо" спорт өнеріне беруге байланысты шариғи тыйым жоқ. «Аль-Аслу филь әшъя ибаха» - «Әр нәрсенің негізі руқсаттық» деген қағида негізінде, қыз баласының өзінің нәзік табиғатына сай спорт түрлерімен айналысуының күнәсі жоқ. (Онда да, денсаулығына, бала көтере алу қабілетіне, сүйек метаболизміне зақым келмейтіндігі анық болса).

Бірақ, басқа бір шариғи қағидада: «Лә дарара уә лә дыйрар» - «Зарар тигізуге де, зарарға зарармен жауап беруге де жол жоқ» делінеді(1). Соған орай: бокс, ережесіз жекпе-жек, бодибилдинг сынды қыз баласының табиғатына теріс және көптеген жарақат тудырар спорт түрлерімен айналысуы құпталмайды.

Бұған қоса кейбір дін мамандары мұсылман қыздың шығыс жекпе-жегімен шұғылдауына қатысты кейбір талаптар айтқан, соның негізгілерін бере кетелік:

  • Шариғатта ғаурат саналған жерлерінің ашық болмауы.
  • Мүмкіндігінше ер адамдар мен әйел адамдарының жаттығу залдарының бөлек болулары.
  • Намаз, ораза сияқты шариғатта парыз саналған ғибадаттарды қаза қылмау.

Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


1 Имам Мәлик: Муатта. №1461 хадис.

Абдусамат Қасым