Іш дәрет алмас бұрын истибра деген нәрсе бар екен. Бірақ бұл тек ер адамдарға ғана қатысты ма, әлде әйел адамдарға да қатысы бар ма? Көп жерден іздеп таба алмадым.
|
«Истибра» жасау әйелдерге де міндет пе?
|
Истибра – зәр сындырғаннан кейін белгілі қимылдарды жасау арқылы каналда қалып кеткен зәр қалдықтарының сыртқа шығуын қамтамасыз ету. Мысалы, жөтелу, бір сәт жүру т.б.
Истибра жасау әйел кісілерге міндет емес. Әйел кісілер дәрет сындырғаннан соң шамалы кідіріп, одан кейін іш дәретін ала береді.
Өзекті сұрақтар
■
Хижамадан кейінгі қан «нәжіс» пе? Хижамадан кейін «ғұсыл» құйыну шарт па?
■
Үйдегі адыраспанның тұтатқаннан кейінгі иісі оразаны бұзбай ма?
■
Пітірді артығымен берсе, ол пітірге жата ма?
■
Ораза ұстағым келеді, оразаның ортасынан ұстап кете берсем бола ма?
■
Оразада «капельница» арқылы антибиотик салдыруға бола ма?