Хайызға байланысты сұрақ
Хайызға байланысты сұрақ
6 жыл бұрын 28109

Ассаламу алейкум ыңғайсыз болса да жауап беріңізші! Мен хайыздан тазарып ақ сұйықтық көргеннен соң ғұсыл алып, намаздарды оқи бердім. Ертесіне сарғыштау сұйықтық көрдім, бірақ ғұсыл алмай намаз оқи бердім. Мен дұрыс жасадым ба,әлде қайтадан ғұсыл алу керек пе еді?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Жалпы алғанда қағида бойынша, хайыз келген күннен бастап есептегенде он күн ішінде көрінген ақ түстіден өзге түстілер (қызыл, қоңыр т.б.) - хайыз есебінде. Бірақ, ақ түсті сұйықтық келгеннен кейінгі сары түстес сүйықтықты Айша анамыз (р.а.) хайыз санамаған. Айшаның (р.а.) бұған қатысты мынадай сөзі бар:

«Егер, әйел кісі қан көрсе, әк сияқты ақ түстіні көргенше намазды қоя тұрсын. Қашан ақ түстіні көрсе, ғұсылданып намазын оқысын. Одан соң (ақ түстен кейін) сары немесе бұлыңғыр түс көрген болса, дәрет алып намазын оқысын, ал қызыл сұйықтық көрсе, ғұсылданып барып намаз оқысын»[1]. 

Осы негізде, сіздегі ақ түстіден кейінгі келген сары түстес сұйықтықты хайыз емес деуге негіз бар. Сондықтан ғұсылды қайта алудың қажеті жоқ. Дәрет жаңартсаңыз жеткілікті. Оның үстіне, "сары" деп отырғаныңыз, ақ түстінің кебінкірегеннен кейінгі түсі де болуы ықтимал.


[1] Бәдруддин Айни: Умдатуль Қари – 3/173 бет. 

Абдусамат Қасым