Ассаламуғалейкум! Әйел кісіде әйелдерде болатын ақкір (выделение) үнемі болады екен. Яғни таңертең дәрет алып шықса, түске дейін келіп қалады да дәреті бұзылады. Не болмаса, сәл күш салып қимылдап бір нәрсе жасаса, не жүрген кезде бұзылады дейді. Таза болатын кезі өте сирек 1-2 күн ғана. Бұл кісіде үзір болып санала ма? Және таза болған 1-2 күні де үзірге кіріп кете ме?
Дәреттің бұзылуына байланысты сұрақ (әйелдерге қатысты)
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Қынаптан бөлінген дымқылдық (бели) - ескі Ханафи фиқһ кітаптарында "Рутубәтуль Фарж" яғни, "әйелдік мүшенің дымқылдығы" деген атаумен белгілі. Ол - ақ түсті (кейде түссіз), иіссіз әрі жабысқақ келеді. Аталмыш дымқылдық мәни, мәзи, уәди сияқты нәжіс саналатын өзге сұйықтықтармен араласпай бөлінген жағдайда таза әрі дәретті бұзбайды дейтін дін мамандары бар, ал өзге бөтен сұйықтықтармен араласып шыққан жағдайда нәжіс ретінде саналып, дәретті де бұзады.
Ең дұрысы – Аллаға мәлім!
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар
■
Хатым Құранды соңына дейін қалай аяқтауға болады, екі-үш парадан кейін тастап қойып жатырмын?
■
Қайтыс болған адамның қырқын қалай есептейді: жамбасы жерге тиген күннен бастап па, әлде қайтыс болған күннен бастап па?
■
Халал ақша бар төлем картасына харам ақша араласса, ол картаны қолдануға бола ма?
■
Темекіге жіберсе, баруға бола ма?
■
Әртүрлі тақырыпқа қатысты үш сұрақ