Әйелдерге қатысты: Дәретке байланысты сұрақ
Әйелдерге қатысты: Дәретке байланысты сұрақ
6 жыл бұрын 11072

Ассаляму Алейкум Уа Рахматуллахи Уа Баракатух! Сұрайтын адамым болмағансоң, осында жазуға мәжбүр болып отырмын. Баламды босанғаннан кейін жыныстық мүшемнен отырып-тұрсам кішкене мөлшерде жел шыға береді, дәретім бір сәждеге келгенде бұзылып кете береді. Ол нәрсе 1000 рет дәрет алсам да отырып, тұрсам болды жел шығады. Шарасызбын.  Ондай жағдайда намазды қалай оқысам екен? Жалғастырып кетсем қабыл болмай ма?  

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Сенім артқаныңызға рақмет. Ханафи мәзхабы бойынша (және Мәлики мәзхабында да) ердің не әйелдің жыныс мүшесінен шыққан жел дәретті бұзбайды. Әрі намазға да зияны жоқ. Сондықтан да, намаз оқып тұрып ондай нәрсе орын алған жағдайда, намазыңызды бұзбастан оқи бересіз. Бірақ, арттан шыққан жел себепті дәрет бұзылатындығын ескерткім келеді.

Алла қабыл етсін!

Абдусамат Қасым