Әйел затына мархұм болған туыстарының қабірін зияраттап, зират басына баруына бола ма?
Әйел затына мархұм болған туыстарының қабірін зияраттап, зират басына баруына бола ма?
2 жыл бұрын 48800

Сәлеметсіз бе! Әйел затына зиратқа барып, (ата анасының қабipiн) зиярат етуге бола ма?

Сәлеметсіз бе!

Әйел затының мархұм болған туыстарының қабірін зияраттап, зират басына баруына болады. Әзіреті Айша анамыздың (р.а.) да зиратқа барып тұрғандығы сахих хадистерден білеміз. Мәселен, тәбиғин Абдулла бин Әбу Мүләйкәдан жеткен риуаятта, ол былай әңгімелейді: 

«Айша (Алла оған разы болсын) бір күні бейттен келе жатыр екен. Мен одан: «Уа, мүміндердің анасы! Қай жақтан келе жатсыз? – деп сұрадым. Ол (р.а.): «Бауырым Абдуррахман ибн Әбу Бәкірдің қабірінен келе жатырмын», - деп жауап берді. Мен: «Алла елшісі (с.а.у.) қабірге барудан тыймап па еді?» - дедім. Ол (р.а.): «Иә, алғашында тыйған. Кейін қабірді зиярат етуді бұйырды», - деді»[1].  

Осы келтірілген риуаяттан да әйел затының мархұм туыстарының қабірін зияраттап баруына болатындығын ұғыну қиын емес. Қабір адамға өлімді еске түсіреді. Сондықтан да, дініміз қабірге барып тұруды ұнамды санайды[2].


[1] Ибн Мәжә: «Сүнән»; Имам Бәйһәқи; әл-Хәким: «әл-Мүстәдрак».
[2] Бірақ мәйітті жер қойнауына тапсыратын сәтте әйел кісілер қабір басына бармайды. 

 

Абдусамат Қасым