Әйел кісі жұма намазын оқығаннан соң, бесін намазын да оқуы керек пе?
Әйел кісі жұма намазын оқығаннан соң, бесін намазын да оқуы керек пе?
8 жыл бұрын 25119

Әссәләмуғалейкум! Әйел кісі жұма күні жамағатпен жұма намазын оқыса, артынан бесін намазының төрт рәкәғат парызын оқи ма? Үміт.  

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! 

Әйел кісіге жұма намазына бару парыз емес. Оның орнына үйінде бесін намазын оқиды. Әйтсе де, мешітке келіп, жұма намазын оқыған болса, онысы бесіннің орнына жүреді. Қосымша бесін намазын оқудың қажеті жоқ. Бұл мәселеде ғұламалар арасында "ижма" бар деген Имам Нәуәуи (р.а.)[1].

*Ижма – Ислам ғұламаларының бір мәселенің үкімі төңірегінде ортақ көзқарасты ұстанулары.


[1] Имам Нәуәуи: әл-Мәжмуъу Шархуль Мухаззәб. 

Абдусамат Қасым