|
Nike мұсылман әйелдердің суға түскенде киетін киім коллекциясын шығарады (видео)
|
Әлемге әйгілі Nike мұсылман әйелдердің шариғат талаптарына сай суға түскенде киетін киім коллекциясын Victory Swim бренді бойынша шығаруға бел байлап отыр. Бұл жайында әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары мен аталмыш компанияның сайтында айтылған. Буркини тез кебетін әрі ауа өткізетін материалдан тігіледі. Мұсылман әйелдердің суға шомылуына арналған киім келесі 2020 ылдың ақпан айында саудаға шығарылады. Мұсылман әйелдердің суға түсетін киім дизайнына Біріккен араб әмірлігінің тумасы, мәнерлеп сырғанаушы Заһра Лари шабыт берген көрінеді. Заһра Лари – мұз айдынында шариғат шәлісін жамылып шығып, өнер көрсеткен тұңғыш мұсылман әйел.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар