Таразда жазасын өтеуші бостандыққа шығудан бас тартты
|
Тараздың бір колониясында жазасын өтеуші сотталушылар арасында футболдан өтетін чемпионаттың финалдық кездесуіне қатысу үшін мерзімінен бұрын шартты босату мүмкіндігінен бас тартқан. Мақсат Ықыласовтың командасы (ол онда команда капитаны) басқа түзету мекемелерінен келген қарсыластарының барлығын жеңіп, финалға шыққан. Алайда, сот жазасын өтеушінің сұранысын қарап, оның жазасының уақытының бітуіне жеті ай қалғанда мерзімінен бұрын шартты босату туралы жағымды шешім қабылдаған. Алайда, капитан өз командасымен финалда өнер көрсету үшін колонияда қалуға шешім қабылдаған. Ақтық кездесуде Ықыласовтың командасы қарсыластарын 6:5 есебімен жеңіп, бірінші орынды иеленген. Мен командамды жарты жолда қалдырып кете алмадым. Футбол үшін қалғаныма өкінбеймін, бірақ үйде ата-анам күтіп отыр. Ертең оларға қайтып барамын деп сенемін", - деді сотталушы.