СІМ Қытай азаматтары үшін визаны алып тастау туралы қауесетке қатысты мәлімдеме жасады
СІМ Қытай азаматтары үшін визаны алып тастау туралы қауесетке қатысты мәлімдеме жасады
7 жыл бұрын 5562 smi44.ru

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері әлеуметтік желілерде Қытай азаматтары үшін визаның алынып тасталатыны жайлы қауесетке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство өкілдері Қытаймен визасыз режим болатыны жайлы мәліметті жалған деп атады. "Қазақстан тарапы Қытайдың халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қазақстан азаматтары үшін визасыз болу мерзімін 24 сағаттан 72 сағатқа ұзарту, сондай-ақ Қытайға баруға ниетті қазақстандықтарға дербес виза ресімдеуді қайта бастау бойынша қытай тарапымен белсенді жұмыс жүргізіп отырғанын естеріңізге саламыз", - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің өкілдері. "Осы бағыттағы жұмыс екі ел арасында қалыптасқан жан-жақты өзара әріптестік, тараптардың мүдделеріне өзара құрмет негізінде жалғасып жатыр", - деді ведомство өкілдері. 

0 пікір
Мұрағат