Қазақстанның ең басты сауда әріптестерінің бірі ҚХР қазақ мұнайының импортын биылғы жылдың алғашқы төрт айында өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда шамамен 2 есеге дейін азайтып жіберді.
Қытай қазақ мұнайынан бас тартып жатыр
|
Өткен жылдың алғашқы төрт айында Қытай Қазақстаннан 1,5 млн тонна мұнай сатып алса, биыл осы уақытта бұл көрсеткіш 706,4 мың тоннаны құрады.
Мұнай бағасының қымбаттауының арқасында физикалық көлемнің азайғаны нақты қаржылық көрсеткіште қатты байқалмай отыр. Былтырғымен салыстырғанда сатқан мұнай көлемі 2 еседен артыққа азайғанымен, түскен ақша тек 31 пайызға кеміп, 112,6 млн долларды құраған.
Нәтижесінде Қазақстанның сыртқа сатылатын мұнайы жалпы экспорттың былтырғыдай 6,1 пайызын емес, тек 3 пайызын ғана құрап отыр.
Біздің мұнайды сатып алатын 35 елдің ішінде 18-і бізден мұнай сатып алуды азайтқан. Соның ішінде ең көп азайтқаны Қытай.
Сонымен қатар бұл тізімде Испания мен Жапония бар.
Ал Франция, Хорватия мен Канада керісінше көптеп сатып ала бастады.