Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
3 жыл бұрын 2207 halaldamu.kz Фото: 24.kz
Қарағанды қ.: «Asyl Dami» дәмханасы сертификатталды 

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Қарағанды қаласындағы «Asyl Dami» дәмханасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Аталған дәмхана өнімдері мен қызметі қоғамдық тамақтандыру орындарына қойылатын халал стандарты талаптарына сай сертификатталды.

«Өңіріміздегі халал дәмханалар саны күн санап артуда. Қазіргі таңда бақылауымызда 14 тамақтану орындары бар. Барлық дәмханаларда ай сайын тұрақты түрде аудит шаралары жүргізіліп тұрады. Бүгін сертификаттаудан өткен «Asyl Dami» дәмханасының да ас әзірлеуде қолданатын барлық өнімдері мен өндіріс аймағы тексерілді. Халал стандарты талаптары толық орындалғаннан кейін ғана, сертификат табыстап отырмыз. «Asyl Dami» дәмханасының ұсынар асы адал, жұмыстары берекелі болғай», – дейді жергілікті өкіл Ысқақ Абдрахманов.

«Dami» дәмханасының мекен жайы: Қарағанды қаласы, Тәттімбет көшесі, 10/14.

Қарағанды қ.: «Dessert House» кондитерлік өнімдері сертификатталды 

Қарағанды қаласындағы «Лантро» кәсіпорнының «Doner House» кондитерлік өнімдері «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына» сай сертификатталды.

«Халал Даму» технологы Айзат Ермекқызы мен жергілікті өкіл Ысқақ Абдрахманов аталған кәсіпорында толыққанды тексеріс жұмыстарын жүргізіп, қызметкерлерге халал стандарты талаптары мен ерекшеліктерін түсіндірді.

«Doner House» кондитерлік өнімдеріне берілген «QMDB Halal» сертификаты 01.04.2022-31.032023 мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: В.Терешкова көшесі, 36/1.

Алматы қ.: «Hidrosol» тағамдық қоспалары сертификат жаңартты 

Алматы қаласындағы «Synar Food Ingredients» кәсіпорнының «Hidrosol» сауда білгісімен шығарылатын 53 түрлі тағамдық қоспалары «QMDB Halal» сертификатын жаңартты. Сертификатты «Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Маратхан Мұхтарханұлы табыстады.

«Халал стандарты бойынша сертификатталуды аса қажет ететін тағам өндірісіндегі басты саланың бірі – тағамдық қоспалар.Тағамдық қоспалар - тағамдарды өндіру, өңдеу, дайындау, қаптау, тасымалдау және сақтау барысында өнімге қажетті дәм мен қалып, реңк, қоюлық немесе сұйықтық, сақталу мерзімін ұзарту секілді бірқатар технологиялық мақсатта қолданылады. Күнделікті қолданылатын бұрыш пен тұз да осы тағамдық қоспалардың қатарына жатады. «Hidrosol» тағамдық қоспалары лабораториялық зертханада тексеріліп, технолог мамандар мен жергілікті өкілдің бірлескен аудит нәтижесінен кейін ғана сертификаттау жөнінде шешім қабылданды», – дейді Маратхан Мұхтарханұлы.

«Synar Food Ingredients» берілген сертификат 14.03.2022-13.03.2023 мерзімі аралығында жарамды.

 

0 пікір
Мұрағат