Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
3 жыл бұрын 1551 halaldamu.kz
Қарағанды обл.: «Арай KZ» қасапханасы сертификатталды 

Қарағанды облысындағы ірі кәсіпорындардың бірі «Арай KZ» қасапханасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады. 

Айбек Асқарбекұлы «Арай KZ» қасапхана басшылығына тұтынушыларды таза, адал ет өнімдерімен қамтамасыз ету арқылы, халал инсдустриясы мен ауылшаруашылық саласын дамыту жолындағы адал еңбектеріне алғысын білдірді. Сонымен қатар, «QMDB Halal» сертификатының маңыздылығын түсіндіріп, алдағы уақытта міндетті айлық тексеріс жұмыстары жүргізіліп тұратынын жеткізді.

Жергілікті инспектор-контролер Ысқақ Абдрахманов пен ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев қасапханада бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, қасапшыларға «Шариғат және халал стандарты бойынша мал сою, ет өңдеу» тақырыбында арнайы оқу-семинар өткізді. Бірлесе жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша, қасапханаға «Ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарын сою», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сату стандарты» талаптары бойынша «QMDB Halal» сертификатын табыстау жөнінде шешім қабылданды.

«Арай KZ» қасапханасы «QMDB Halal» стандартына толықтай сай екендігін және берілген сертификат 23.11.2021-22.11.2022 мерзімі аралығында жарамды екендігін хабарлаймыз!

 

Павлодар: «Шарбақты-құс» жұмыртқа өндірісі сертификатталды 

Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы тағамдық жұмыртқа өндірісімен айналысатын «Шарбақты-құс» құс фабрикасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Сертификатты фабрика басшылығына Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы табыстады.

«Шарбақты-құс» құс фабрикасы Шарбақты ауданындағы тір­шілікті жандандыра түскен кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорынның құ­рама­ жем цехтары, тауық, ба­лапан тұратын корпустары да тұ­тастай еуропалық өндірушілердің жаңа технологиялық құрылғылармен жабдықталған. Өндірістік үдерістердің біраз бөлігі автоматтандырылған. Микроэле­мент­терден басқа жемнің барлығы да жергілікті табиғи бидайдан дайындалады. Кәсіпорынды сертификаттау барысында мамандарының қатысуымен өндіріс алаңында тиісті бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, құстың жем-азығынан бастап, сақтау, тасымалдау процесстерінің шариғат және халал стандартқа сәйкес болуы тексерілді. Орындалған шаралар нәтижесінде акт толтырылып, технолог және шариғат мамандары «Шарбақты-құс» құс фабрикасын «Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын сою», «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп таныды.

Талдықорған: «NeFis» дәмханасы сертификатталды 

Талдықорған қаласында орналасқан “NeFis” дәмханасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Дәмхананың жауапты қызметкері Қымбат Мұратайқызына «Халал Дамудың» Талдықорған өңірі бойынша жауапты аймақтық өкілі Мұхаммед Ордыбай «NeFis» дәмханасына «QMDB Halal» сертификатын табыстады. Аталған дәмхана «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға жалпы талаптар стандартына» сай деп танылды.

«Халық сұранысына ие кәсіпорындар мен азық-түліктер халал сертификатын алуы – біз үшін өте маңызды. Себебі, біздің басты мақсатымыз – халық қажеттілігін қамтамассыз ету. Осы бағыттарыңыздан таймай, елге адал ас ұсынып, шариғат және халал стандартына сай қызмет етесіздер деп сенемін. Біздің жұмысымыз осы жерден тоқтамайдың Алдағы уақытта міндетті айлық тексеріс жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады», – деді Мұхаммед Ордыбай.

Өз кезегінде, дәмхана өкілі «Халал Даму» ұжымы мамандарының қызметін жоғары бағалап, ризашылығын білдірді.

 

0 пікір
Мұрағат