ҚМДБ Халал Даму: Шұжық өнімдеріне шошқа ДНК-сы қосылмайды
ҚМДБ Халал Даму: Шұжық өнімдеріне шошқа ДНК-сы қосылмайды
5 жыл бұрын 3481 muftyat.kz

Қазіргі кезде халал өнімдерінің қатарында сұранысқа ие азықтың бірі – шұжық. Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің басшысы Смайыл Сейтбеков «ҚМДБ Халал» сертификаты берілген халал шұжық өнімдеріне ешқандай шошқа қоспасы қолданылмайды дейді.

Оның сөзіне сүйенсек, шұжықтың дәмін, түсін, түрін өзгертетін отандық және шетелдік қоспалар, яғни, ингредиенттер (пищевая добавка) қосылады. Қоспалардың әрбірі арнайы зертханадан өтіп, тексеріледі. Қоспадан шошқа ДНК-сы анықталған жағдайда басқа (рұқсат етілген)  қоспамен ауыстыру талап етіледі.

Сертификат алған мекеме өнімдерінің жоспарлы түрде зертханалық тексерістен өтіп отыратыны бұған дейін талай айтылды, жазылды. Сертификат алған мекеме қызметкерлеріне халал стандарт бойынша оқу семинарлары жүргізіледі. Талап бойынша мекемеде халал эксперт маманының жұмыс істеуі міндеттеледі. Мекеменің талапқа сай қызмет етуін «Халал-Даму» ЖШС-ның арнайы эксперт маманы жоспарлы түрде ай сайын, қажет болған жағдайда кез-келген уақытта тексеріп, нәтижесін орталыққа баяндап отырады. Талапты орындамаған мекемеден сертификат кері алынады.

«Өнімге қолданылатын мал мен құс еті шариғат талабына сай сойылатын қасапшыдан немесе қасапхана мен құс фабрикасынан алынуы талап етіледі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халал өнімдеріне сертификат беруді табыс көзі ретінде қарамайды, шариғаттың талабы деп санайды. Сондықтан ұсынылатын халал өнімдердің шариғат талабына сай болуын қадағалайды.

Халал сертификатын берген кәсіпорынға үнемі тексеру мен бақылау жұмысын жүргізіп отырады. Әрбір қалада арнайы бақылайтын жауапты өкілдер бар. Біздің мақсат – шариғат талабына сай халал өнімдерін ұсыну және өзге де кәсіпкерлерді осы бағытта қызмет етуге шақыру» дейді Смайыл Сейтбеков.

Оның айтуынша, халал шұжықтың дәмін, түсін, түрін өзгертетін қоспалар, яғни, ингредиенттерде шошқа ДНК-сының бар-жоғын қандай жағдай болмасын зертханада анықтауға болады.

Осы орайда Алматы қаласындағы «TreeGene» молекулярлық-генетикалық зертханасының ақпараттық анықтамасын назарларыңызға ұсынамыз.

Доңыз ДНК-сын анықтау тәсілінде қолданылатын стандарттар: «Тағам және жем өнімдері. Шикізат құрамын анықтаудың экспресс тәсілі (молекулярлық)».

ҚР СТ ГОСТ Р 52723-2010

Осы стандарт жемшөп, шикізат және тамақ өнімдерін бақылау кезінде шикізаттың, тамақ өнімдерінің бұрмалануын және жем-шөптердегі санкцияланбаған қоспалардың таралуын бақылау кезінде қолдануға рұқсат етіледі. Стандарт азық-түлік өнімдеріне, өсімдік, жануар тектес азық-түлік шикізатына, азыққа қолданылады. Бұл стандарт жем, шикізат, жартылай фабрикаттар, полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен дайын тамақ өнімдерінің құрамында шошқаның (Sus scrofa) түрлі спецификалық ДНК-сын жедел сәйкестендіруге арналған. ПТР әдісі азық, шикізат, тамақ өнімдері құрамындағы, оның ішінде термиялық өңдеуге ұшыраған компоненттердің түрлік тиістілігін анықтау үшін оңтайлы. Полимеразды тізбекті реакция әдісі (ПТР) – молекулалық-генетикалық диагностиканың жоғары дәлдікті әдісі – мүлдем өзгеше және егер дұрыс орындалса, жалған оң нәтиже бере алмайды Әдіс термиялық өңдеуден (термическую обработку) өткен көп компонентті қоспалар мен өнімдерді зерттеуге мүмкіндік береді.

Лабораторияда қолданылатын реагенттер: RapidFinder ™ Pork ID Kit (Thermo Fisher, АҚШ).  

Rapidfinder Pork ID Kit шошқа ДНК-сының азық-түлік және мал азықтарынан қарапайым және сенімді түрде табылуын қамтамасыз етеді. Бұл реагент шошқа ДНК-сын анықтау, Sus scrofa ПТР арқылы жұмыс істейді.  RapidFinder Pork ID жиынтығы шикі және өңделген өнімнен де, шошқа ДНК-сын анықтай алады және 0,01% дейін шошқа ДНК деген сезімталдықты қамтамасыз етеді. Реагенттердің жоғары сезімталдығын ескере отырып, шошқа ДНК-сын анықтау үшін шошқа етінің бірнеше молекуласы жеткілікті. 0,1% шошқа ДНК-сы бар қосылған оң бақылауды эталон ретінде талдаудың шегін  орнату үшін пайдалануға болады.

Шошқа ДНК-сын анықтау - митохондриальды ДНК бірізділігіне тән, sus scrofa-ға тән праймер / зондтар жиынтығын пайдалану арқылы нақты уақытта ПТР көмегімен жүзеге асырылады. FAM  бояғыш арнасында табылған нысан тұрақты, яғни жоғары температура кезінде ыдырауға ұшырамайды.

Дайын өнімнен шошқа ДНК-сын анықтау үшін өнімде бұзылмаған ДНК болуының қажеті жоқ, яғни еттің, қоспалардың термиялық өңдеу мен өңделмеуінің ешқандай  айырмашылығы жоқ. Реагенттердің сезімталдылығы соншалықты, праймерлер консерві, шұжық және т.б. дайын өнімдерде өз жұмысын атқара алады. Еттің видеоспецификациясы анықталатыны анық.

 

 

0 пікір
Мұрағат