Қасиетті Құран Кәрімде «Мәида» сүресінің 32-ші аятында Алла Тағала:
وَمَنْ أَحْيَاهَا فَكَأَنَّمَا أَحْيَا النَّاسَ جَمِيعًا
«Кімде кім бір адамды өлімнен құтқарса барлық адамды тірілткенмен тең», - деп, адамзатқа өмір сыйлаудың сауабының көп екендігін ескерткен.
Аталмыш акция бір күнмен шектелмейді, 8 маусымда «С.Ғылмани» мешітінде өткізу жоспарлануда.
Донорлықтың шарттары:
- 18 жастан асқан, дені және қан құрамы сау болу;
- Қан тапсырушының өзімен бірге жеке куәлігінің болуы.
Қан тапсырушыға кеңес:
- Қан тапсыратын күні ащы, аса майлы және сүтті тағамдарды қабылдамаңыз. Есесіне жеміс-жидек, көкөніс, бидай өнімдерін тұтыныңыз;
- Қан беруге ең оңтайлы уақыт ас ішкеннен соң 2-3 сағаттан кейін беру;
- Қан берген соң міндетті түрде бір тостақ су, шырын немесе шәй ішіңіз!
Донор болу арқылы – Сіз біреудің өмірінің құтқарылуына себеп бола аласыз!
Толық мәлімет алу үшін 44-58-48, 87022757708