Маңғыстау облысының төрт кәсіпорны «Халал» сертификатына ие болды (ФОТО)
Маңғыстау облысының төрт кәсіпорны «Халал» сертификатына ие болды (ФОТО)
8 жыл бұрын 2918 muftyat.kz Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Соңғы уақытта халал өндірісін дұрыс жолға қою мәселесінің маңызы күн өткен сайын артып келеді. Тұтынушылар тарапынан да халал өнімдерге де сұраныстың артып отырғаны байқалады.

Қазан айының 19  мен 21 жұлдыздары аралығында Маңғыстау облысына арнайы іссапармен келген Қазақстан мұсылмандары Діни Басқармасының "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ануар Ізімбайұлы аймақтағы төрт кәсіпорынның жұмысымен танысып, олардың  халал стандарттарға сәйкестігін тексерді.

Тексеру нәтижесі көрсеткендей, 4 мекеменің төртеуі де шариғат талаптарының толық орындалуын қамтамасыз етіп, халыққа адал өнім ұсыну жағынан өз дәрежесінде қызмет көрсетіп отырған, халал стандарттарға сай келетін кәсіпорындар болып танылды.

Олар: Ақтау қаласындағы 2 өндірістік аймақ, 21/1 мекен жайы бойынша орналасқан «Құрық строй сервис» мал сою цехы ЖШС, директоры – Каюпов Рамазан;

Ақтау қаласы, 2 өндірістік аймақтағы «Берекет» мал сою пункті, директоры – Караглиев Акиф;

3 өндірістік аймақтағы «Ринго» мал сою цехы, директоры – Жақсымбетов Сұлтан;

Атамекен ауылындағы «Дилбар» ет дүкені, директоры – Тастанқұлова Дилбар.

Өз кезегінде Ануар Ізімбайұлы аталған кәсіпорын басшыларына табыс тілеп, «Халал» сертификатын табыстады.

 

0 пікір
Мұрағат