Діни басқарма бас мүфти болып Мұхамеджан Тазабеков тағайындалады дегенге қатысты пікір білдірді
Діни басқарма бас мүфти болып Мұхамеджан Тазабеков тағайындалады дегенге қатысты пікір білдірді
7 жыл бұрын 11183 stan.kz

Діни басқарма еліміздегі салафизм ағымына қосылғандардың портретін жасады. Жат ағымның жетегінде кеткендердің басым бөлігі ауылдан шыққан 25-30 жас аралығындағы азаматтар. Сондай-ақ, басқарма Мұхамеджан Тазабековке қатысты да пікір айтты. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Әрі көбі жағдайы төмен отбасыларда тәрбиеленген және жұмыссыз бос жүргендер. Олар радикалды бағыттағы шейхтарды пір тұтып, солардың уағызын тыңдаған.

“Ең бірінші себебі: бұл - білімсіздік. Көбісі интернеттен дәріс алады. Оның ар жағында кім отырғанын білмейді. Сондықтан, имам, теологтармен жеке әңгіме барысында олар өздерінің исламнан толық хабардар емес екенін, қайдағы бір интернеттегі мәліметтерді өздеріне сіңіргенін мойындады”, – деді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Сондықтан, мүфтиат лаңкестігі үшін сотталған 400 астам адамды бөлек түрмеде ұстауды қолдап отыр. Тіпті, түрмелерге барып дінінен адасқандарды райынан қайтарып жүргенін де жасырмады.

Сондай-ақ, Діни басқарма Бас муфти ауысады деген ақпаратқа қатысты да мәлімдеме жасады. Өйткені, соңғы күндері «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков Діни басқармаға басшы болып тағайындалады екен" деген ақпарат тараған. Басқармадағылар болса, қазіргі төраға Ержан қажы Малғажыұлы қызметтен кетпейді деп отыр. Оның үстіне, Бас Муфти болатын адам Ханафи мәсхабын ұстануы керек дейді.

2 пікір
  • Мұхамеджан Тазабектің діни білімі жоққой жай ғана ақын емеспе ол кісі. Дінді мазақ еткісі келеме өзі
    7 жыл бұрын
  • Мухаметжан Тазабековке Алла разы болсын. Мақаланың соңғ сөзі бойынша Мухаметжанды ханафи мазғабында емес деген түсінік пайда болады. Жазған адам бықсытпай ашық айқын Тазабеков ханафи мазғабын ұстанбайды деп жазссын жəне сол сөзін дəлелдесін Жала Алланың алдында зор күна Халыққа іріткі салмаңдар Бұл пікір Құрметті Ержанқажы Малғажыұлы жəне ҚМДБ сіздерге қатысты емес
    7 жыл бұрын
Мұрағат