Қазақстандықтарға қандай жер телімі тегін берілетіні белгілі болды
Қазақстандықтарға қандай жер телімі тегін берілетіні белгілі болды
4 жыл бұрын 9169

Қазақстандықтар жеке тұрғын үй құрылысын салуға арналған 10 сотық жерден бөлек учаскелер алуға құқылы. 25 сотық жер жеке қосалқы шаруашылыққа және 12-сі бау-бақша өсіруге арналады. Бұл туралы Жер кодексінің 50-бабында айтылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті заңды түсіндірді. Бұл жайында bairag.kz ақпарат көзі мәлім етеді. 

Жер учаскелері кодекстің 50-бабын сәйкес азаматтарға жекеменшікке ақысыз беріледі делінген:

жеке қосалқы шаруашылық үшін (үй және егістік алқаптарын қоса алғанда) ауылдық жерлерде - 0,25 гектар суарылмайтын және 0,15 гектар суармалы жерлерде;

жеке тұрғын үй құрылысына - 0,10 гектар;

көгалдандыру,  саяжай құрылысына - 0,12 гектар.

«Үй маңындағы жер телімі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін, сондай-ақ, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес тұрғын үй, шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар салуға пайдаланылады. Сонымен қатар, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге жазық даладан жер телімін ауға болады», - деп толықтырды комитет өкілі.

Жер учаскелерін алу үшін жерге құқық беру туралы өтініш жазып өткізу керек. 

«Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу мақсатына жер учаскелерін жекеменшікке тегін беру тек жер игерілгеннен кейін жүзеге асады. Уақытша жерді игеру кезеңіне кодекстің 92-бабына сәйкес шарттар мен мерзімдер белгіленіп беріледі», - деді комитет өкілі. 

0 пікір
Мұрағат