Қазақстандықтар наурыз айында неше күн демалады?
|

Наурызда қазақстандықтар 12 күн демалса, 19 жұмыс істейді. Бұл туралы bag.kz порталы хабарлайды.
· 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
· 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні (21-22 наурыз)
Қазақстандықтар 8 наурызда қалай демалады
Биыл 8 наурыз дүйсенбіге келеді, сондықтан қазақстандықтар бұл мерекеде 3 күн – 6, 7, 8 наурыз (бес күндік жұмыс аптасында) демалады.
Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 7 және 8 наурыз болады.
Қазақстандықтар 22 наурызда қалай демалады
Наурыз мерекесі, яғни 21 наурыз жексенбіге келеді, сондықтан демалыс күні 24 наурыз, сәрсенбіге ауыстырылады.
Нәтижесінде биыл Наурыз мерекесінде қазақстандықтар 5 күн демалады - 20, 21, 22, 23, 24 наурыз (бес күндік жұмыс аптасында).
Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 21, 22, 23, 24 наурыз болады.
Осылайша, 25 наурыз - бейсенбіде жұмысқа шығамыз.
Көп оқылғандар

■
Көзге көрінбейтін сым: электр ауада ультрадыбыспен беріледі (видео)

■
Еуропа елінде жалаңбас суретке түскен мұсылман әйелдің фотосын сақтауға тыйым салынайын деп жатыр

■
Жұлындағы сұйықтықтың миды улы заттардан қалай шаятыны таспаға тартылды (видео)

■
Ислам АҚШ түрмелерінде кеңінен тарайтын дінге айналды

■
Биткоин өндірісі Бутанға мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге мүмкіндік берді